Дербес мәліметтерді
өңдеу саясаты

Осы Сайтқа Кірушілердің дербес деректерін Өңдеу саясатын (бұдан әрі – «Ссаясат) «ЭДНА ҚАЗАҚСТАН» ЖШС (бұдан әрі – «edna») дербес деректерді өңдеуге қатысты қабылдады және edna-да дербес деректерді өңдеуге қатысты қолданылатын негізгі қағидаттар жүйесін баяндайды. Бұл Саясат Edna Сайтқа Кірушіден және edna Сайтына www.edna.kz (бұдан әрі – «Сайт») Кіруші туралы барлық ақпаратқа қатысты қолданылады: кез келген құрылғыдан, сондай-ақ Edna-мен кез келген нысанда автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе оларды пайдаланбай байланысқан кезде. Сайтты пайдалану (мәтінді қарау, оқу, ақпаратты жіберу немесе жүктеу) және өзінің дербес деректерін ұсыну арқылы Сайтқа Кіруші осы Саясатқа сәйкес дербес деректерді өңдеуге келісім береді.

1. Дербес деректердің түсініктері мен құрамы:

  • Дербес деректер – электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық тасығышта тіркелген белгілі бір немесе олардың негізінде айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты мәліметтер;
  • Дербес деректерді өңдеу – жинауды, жазуды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), алуды, пайдалануды, беруді (таратуды, ұсынуды, қол жеткізуді), жеке деректерді иесіздендіру, бұғаттау, өшіру, жою қоса алғанда, автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе дербес деректермен осындай құралдарды пайдаланбай жасалатын кез келген әрекет (операция) немесе әрекеттер (операциялар) жиынтығы;
  • Дербес деректерді автоматтандырылған өңдеу – есептеу техникасы құралдарының көмегімен дербес деректерді өңдеу;
  • Дербес деректерді автоматтандырылмаған өңдеу – дербес деректер субъектілерінің әрқайсысына қатысты дербес деректерді пайдалану, нақтылау, тарату, жою сияқты дербес деректермен әрекеттер адамның тікелей қатысуымен жүзеге асырылған жағдайда, автоматтандыру құралдарын пайдаланбай дербес деректерді өңдеу;
  • Дербес деректерді аралас өңдеу – автоматтандырылмаған және автоматтандырылған тәсілдермен жүзеге асырылатын дербес деректерді өңдеу;
  • Дербес деректерді тарату – нәтижесінде дербес деректерді беру, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы беру немесе дербес деректерге қандай да бір өзге тәсілмен қол жеткізу жүзеге асырылатын іс-әрекеттер;
  • Дербес деректерді бұғаттау – дербес деректерді өңдеуді уақытша тоқтату (өңдеу дербес деректерді нақтылау үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда);
  • Дербес деректерді жою – нәтижесінде дербес деректердің ақпараттық жүйесіндегі дербес деректердің мазмұнын қалпына келтіру мүмкін болмайтын және (немесе) нәтижесінде дербес деректердің материалдық жеткізгіштері жойылатын әрекеттер;
  • Соокіеѕ – Сайтқа Кірушілердің браузерінде сақталған шағын мәтіндік файлдар. Сайтты қарау кезінде Сайтқа Кіруші туралы иесіздендірілген статистикалық мәліметтер автоматты түрде жиналады (Cookies), мысалы, интернет-статистика қызметтері көмегімен (Яндекс Метрика және Гугл Аналитика және басқалары).
  • Дербес деректерді трансшекаралық беру – дербес деректерді шет мемлекеттердің аумағына беру.

2. edna-да жеке деректерді өңдеу қағидалары мен шарттары.

2.1. edna дербес деректерді заңды және әділ негізде өңдеуді жүзеге асырады.

2.2. Edna қызметінің мақсаттарын іске асырудың маңызды шарты оның дербес деректерін өңдеу кезінде дербес деректер субъектісінің құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

2.3. Дербес деректерді өңдеу кезінде олардың дәлдігі, жеткіліктілігі, ал қажет болған жағдайда дербес деректерді өңдеу мақсаттарына қатысты өзектілігі қамтамасыз етіледі.

2.4. edna дербес деректер субъектісінің келісімінсіз үшінші тұлғаларға жария етпейді және дербес деректерді таратпайды (егер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында өзгеше көзделмесе).

2.5. edna дербес деректер субъектілерінің (Сайтқа Кірушілердің) мынадай санаттарының дербес деректерін өңдеуді жүзеге асырады:

  • Сайт арқылы бос орынға жауап берген edna бос лауазымдарына орналасуға үміткерлер;
  • Сайтта арнайы нысанды толтырған контрагенттердің және (немесе) әлеуетті контрагенттердің өкілдері;
  • Сайтқа кіретін өзге де тұлғалар.

3. Дербес деректерді өңдеудің мақсаттары, тізбесі, тәсілдері мен мерзімі.

3.1. Дербес деректерді өңдеудің мақсаттары, тізбесі, тәсілдері мен мерзімі осы Ереженің № 1 кестесінде көрсетілген.

Дербес деректерді өңдеу мақсатыДербес деректер тізбесіДербес деректерді өңдеу тәсілдеріДербес деректерді өңдеу мерзімі / Келісімді қайтарып алу тәсілі
Сайт арқылы бос орынға жауап берген бос лауазымдарға орналасуға үміткерлер
1Бос лауазымдарға орналасу
  1. тегі, аты, әкесінің аты;
  2. электрондық пошта мекенжайы;
  3. телефон нөмірі;
  4. Сайтқа кірген ел;
  5. компанияның атауы;
  6. Сайтқа Келуші өз бетінше ұсынған өзге де деректер.
Дербес деректерді аралас өңдеу, атап айтқанда: жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, бұғаттау, өшіру, жоюҮміткердің атқаратын лауазымына сәйкестігін қарау кезеңі / Дербес деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу туралы өтініш.
Осы Саясаттың 2.5-тармақта көрсетілген дербес деректер субъектілерінің барлық санаттары
2Сайтқа Кірушіге еdna, edna қызметтері мен өнімдері туралы ақпарат беру
  1. тегі, аты, әкесінің аты;
  2. электрондық пошта мекенжайы;
  3. телефон нөмірі;
  4. Сайтқа кірген ел;
  5. компанияның атауы;
  6. Сайтқа Келуші өз бетінше ұсынған өзге де деректер.
Дербес деректерді аралас өңдеу, атап айтқанда: жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, бұғаттау, өшіру, жоюЕгер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында өзгеше көзделмесе, дербес деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу сәтіне дейін/
Дербес деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу туралы өтініш.
3Ішкі еdna жүйелерінде сайттың Пайдаланушы тіркелгісін жасау
  1. тегі, аты, әкесінің аты;
  2. электрондық пошта мекенжайы;
  3. телефон нөмірі;
  4. Сайтқа кірген ел;
  5. компанияның атауы;
  6. Сайтқа Келуші өз бетінше ұсынған өзге де деректер.
Дербес деректерді аралас өңдеу, атап айтқанда: жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, бұғаттау, өшіру, жоюЕгер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында өзгеше көзделмесе, дербес деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу сәтіне дейін/
Дербес деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу туралы өтініш.
4edna компаниясына қызмет көрсету

5Қызметтер және/немесе Сайт туралы пікірлер мен кері байланыс жинау
  1. тегі, аты, әкесінің аты;
  2. электрондық пошта мекенжайы;
  3. телефон нөмірі;
  4. Сайтқа кірген ел;
  5. компанияның атауы;
  6. Сайтқа Келуші өз бетінше ұсынған өзге де деректер.
Дербес деректерді аралас өңдеу, атап айтқанда: жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, бұғаттау, өшіру, жоюЕгер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында өзгеше көзделмесе, дербес деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу сәтіне дейін/
Дербес деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу туралы өтініш.
6Кез келген өзгерістер туралы, оның ішінде edna көрсететін қызметтерге қатысты хабарлама.
  1. тегі, аты, әкесінің аты;
  2. электрондық пошта мекенжайы;
  3. телефон нөмірі;
  4. Сайтқа кірген ел;
  5. компанияның атауы;
  6. Сайтқа Келуші өз бетінше ұсынған өзге де деректер.
Дербес деректерді аралас өңдеу, атап айтқанда: жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, бұғаттау, өшіру, жоюЕгер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында өзгеше көзделмесе, дербес деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу сәтіне дейін/
Дербес деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу туралы өтініш.
7Жаңа өнімдер туралы жарнамалық хаттарды, edna арнайы ұсыныстарын немесе edna өнімдері туралы басқа ақпаратты бағыттау
  1. тегі, аты, әкесінің аты;
  2. электрондық пошта мекенжайы;
  3. телефон нөмірі;
  4. Сайтқа кірген ел;
  5. компанияның атауы;
  6. Сайтқа Келуші өз бетінше ұсынған өзге де деректер.
Дербес деректерді аралас өңдеу, атап айтқанда: жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, бұғаттау, өшіру, жоюЕгер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында өзгеше көзделмесе, дербес деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу сәтіне дейін/
Дербес деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу туралы өтініш.
8Электрондық пошта, телефон және/немесе пошта арқылы байланысуды қоса алғанда, нарықты зерттеу
  1. тегі, аты, әкесінің аты;
  2. электрондық пошта мекенжайы;
  3. телефон нөмірі;
  4. Сайтқа кірген ел;
  5. компанияның атауы;
  6. Сайтқа Келуші өз бетінше ұсынған өзге де деректер.
Дербес деректерді аралас өңдеу, атап айтқанда: жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, бұғаттау, өшіру, жоюЕгер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында өзгеше көзделмесе, дербес деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу сәтіне дейін/
Дербес деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу туралы өтініш.
9Сайтқа кірушінің мүдделеріне сәйкес Сайтты орнату

10Сайтқа Кірушіге сайтты пайдаланудың техникалық мүмкіндігін беруСайт пайдаланылатын құрылғы автоматты түрде жіберетін техникалық деректер, мысалы: Сайтқа Кіруші құрылғысының техникалық сипаттамалары (құрылғы идентификаторы), пайдаланушы құрылғысының IP-мекенжайы, cookies-файлдар, сайтқа кірушінің браузері туралы ақпарат (оның ішінде атауы, нұсқасы) және т. б.Дербес деректерді аралас өңдеу, атап айтқанда: жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, бұғаттау, өшіру, жою.Егер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында өзгеше көзделмесе, дербес деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу сәтіне дейін/
Дербес деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу туралы өтініш.

3.2. Сайтқа келуші кез келген уақытта Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Егізбаев к-сі, 7/9 үй, қ.н. 174 мекенжайы бойынша жазбаша өтініш жолдау арқылы оның дербес деректерін өңдеуге келісімін қайтарып алуға құқылы.

3.3. Дербес деректерді өңдеу кезінде edna дербес деректерді үшінші тұлғаларға, атап айтқанда еdna-мен аффилиирленген тұлғаларға егер дербес деректерді өңдеу edna-ға тиісті тұлғаларға тапсырылса, беруге құқылы. Edna мұндай адамдарға дербес деректерді қорғау мен құпиялылықты қамтамасыз ету бөлігінде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңын сақтау бойынша міндеттерді жүктейді.

3.4. Дербес деректерді өңдеу кезінде edna «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңына сәйкес дербес деректерді қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттерге деректерді трансшекаралық беруді жүзеге асыруға құқылы. Мұндай мемлекеттерге Дербес деректерді автоматтандырылған өңдеу кезінде жеке тұлғаларды қорғау туралы конвенцияға (Страсбург, 1981 жылғы 28 қаңтар) қатысушы мемлекеттер, сондай – ақ егер бұл Қазақстан Республикасының ресми құжаттарында көзделген болса, өзге де мемлекеттер жатады.

3.5. Дербес деректерді өңдеу кезінде edna Саясаттың 3.3-тармағындағы мемлекеттерге қатыстылығына қарамастан, деректерді мынадай мемлекеттерге трансшекаралық беруді жүзеге асыруға құқылы: Америка Құрама Штаттары, Ресей Федерациясы, Ұлыбритания, Ирландия, Германия.

4. Сайтқа Кірушінің құқықтары

Сайтқа Келуші Қазақстан Республикасының Дербес деректер туралы қолданыстағы заңнамасында көзделген өз құқықтарын, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей іске асыруға құқылы:

  • жеке деректеріңізді нақтылау, жаңарту, оларды бұғаттауды немесе жоюды талап етуге;
  • edna-дан өңделетін дербес деректердің тізбесін, өңдеудің құқықтық негіздерін, оларды алу көздерін, өңдеу және сақтау мерзімдері туралы ақпаратты, сондай-ақ өзінің дербес деректерін өңдеуге байланысты өзге де мәліметтерді сұратуға.

Сайтқа Кіруші Ғаламтор-шолғыштың параметрлерін қолдана отырып, Сайттың сәйкестендірушілік cookie файлдарын қабылдаудан бас тарта алады. Алайда, бұл Сайтты пайдалану кезінде кейбір қолайсыздықтарға әкелуі мүмкін (мысалы, Сайтқа Кірушінің Сайттағы сәйкестендіру үрдісінен үнемі өту қажеттілігі).

5. Сайтқа Кірушінің жеке деректерін басқару

Егер сіздің рұқсатыңыз болмаса немесе заң бойынша талап етілмесе, біз сіздің жеке деректеріңізді үшінші тұлғаларға сатпаймыз, таратпаймыз және бөліспейміз. Біз сіздің жеке деректеріңізді егер ұсыныс, біздің бағалауымыз бойынша, сәйкес болса және сізді қызықтыруы мүмкін болса, жарнамалық ақпаратты жіберу үшін пайдалана аламыз.

Жеке деректеріңізді пайдалануды шектеу үшін сайтта жарнамалық хабарламалар алғыңыз келмейтіні туралы пікір қалдырыңыз. Егер сіз жарнамалық хабарламаларды жіберу үшін деректеріңізді пайдалануға келіскен болсаңыз, шешімді кез келген уақытта [email protected] мекен-жайға тиісті хабарлама жіберу арқылы өзгертуге болады;

edna қажет болған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына тиісті өзгерістер енгізілген жағдайда Оосы Саясатқа өзгерістер немесе толықтырулар енгізуге құқылы. Сайтқа Кіруші әрқашан Сайттағы Саясаттың өзекті нұсқаларының мазмұнымен таныса алады. Сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, Келуші Саясатқа енгізілген өзгерістермен келісімін растайды.

Саясатты жаңарту күні «___» ________ 2023 жыл.